29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыХалықаралық олимпиадалық комитеті (ХОК) Израильді спорттық жарыстарға қатысудан шеттету туралы ұсынысты қабылдамады. Бұл туралы EFE-ге сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Испания үкіметінің басшысы Педро Санчестің Газадағы қақтығысқа байланысты Израильді халықаралық турнирлерден аластау жөніндегі үндеуіне жауап берген ХОК Израиль мен Палестинаның ұлттық олимпиадалық комитеттері тең құқыққа ие екенін атап өтті. Екі тарап та Олимпиадалық хартияны сақтап отыр, сондықтан ХОК олардың екеуімен де ынтымақтастықты жалғастырып, Газадағы жағдайдың спортшыларға тигізетін салдарын азайтуға күш салатынын жеткізді.
15 қыркүйекте Санчес әлеуметтік желідегі жазбасында израильдік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуына жол берілмеуі керек екенін мәлімдеді. Ол Ресей мен Израиль спортшыларына қатысты қолданылып отырған тыйымдардың әртүрлі екеніне назар аударды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек