Бүгiн, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?2026 жылғы химия саласындағы Нобель сыйлығы француз ғалымы Анри Каган мен жапон зерттеушісі Кенсо Соаиге бұйырды.
Швеция Корольдік ғылым академиясының шешімі 7 қазанда Стокгольмде жарияланды. Париж-Оңтүстік университетінің ғалымы Анри Каган мен Токио ғылым университетінің профессоры Кенсо Соаи асимметриялық органикалық синтез саласындағы зерттеулері үшін марапатталды.
Нобель комитеті ғалымдардың осы бағыттағы сызықтық емес әсерлер мен автокатализ құбылысын ашуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ғалымдар ғасырлық химиялық жұмбақтың шешімін тапты
Нобель комитетінің мәліметінше, зерттеушілер химия ғылымында бір ғасырдан астам уақыт бойы шешілмей келген күрделі мәселенің жауабын тапқан.
Кейбір молекулалар, соның ішінде аминқышқылдары бір-бірінен айнымайтын екі түрлі формада кездеседі. Алайда тірі ағзаларда олардың тек бір формасы ғана басым болады.
1986 жылы Анри Каган химиялық реакцияларды басқарудың жаңа тәсілін ұсынды. Бұл әдіс бір-біріне ұқсайтын форманың біреуінен едәуір көп мөлшер алуға мүмкіндік берді. Бұған дейін мұндай нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес деп саналған.
Ал 1995 жылы Кенсо Соаи асимметриялық реакцияға қатысты зерттеуін жариялады. Кейін, 2003 жылы ғалым табиғатта кездесетін құбылысты зертханалық жағдайда жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция жүргізді.
Биыл Нобель сыйлығының ақшалай көлемі 12 миллион швед кронын немесе шамамен 1,06 миллион еуроны құрайды.
Айта кетейік, 2025 жылы химия саласындағы Нобель сыйлығы Сусуму Китагава, Ричард Робсон және Омар Ягиге берілген еді. Олар металлорганикалық қаңқалы құрылымдарды әзірлегені үшін марапатталды.
Нобель апталығы жалғасады
Нобель сыйлығының өзге санаттарындағы лауреаттар алдағы күндері белгілі болады. 8 қазанда әдебиет саласындағы жеңімпаз жарияланады. Ал 9 қазанда Ослода Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері аталады. 12 қазанда Альфред Нобельді еске алуға арналған экономика саласындағы сыйлықтың лауреаты белгілі болады.
Бұған дейін 2026 жылғы физика саласындағы Нобель сыйлығы жоғары энергиялы ғарыш нейтриноларын ашуға қосқан үлесі үшін бельгиялық ғалым Фрэнсис Хальценге берілді.
Ал медицина саласындағы марапат Карл Дейссерот, Петер Хегеман және Георг Нагельге жарық арқылы басқарылатын иондық арналар мен оптогенетика саласындағы жаңалықтары үшін табысталды.
Еске салайық, физика бойынша Нобель сыйлығы ғаламды «тыңдайтын» алып детектор үшін бельгиялық-америкалық физик Фрэнсис Хальценге берілген еді.
Бүгiн, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?