Кеше, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамыАстанада Кремний алқабынан оралған қазақстандық стартапшы, Hero Training бағдарламасының қатысушысы Сейілбек Мықтыбековпен кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шара барысында Сейілбек Мықтыбеков Hero Training акселерациясынан қалай өткені және АҚШ-тағы өмір туралы айтып береді.
Бағдарламаға енді келгенде мен көптеген дүниеден бейхабар болдым. Мәселен, маған «speech» дайында дегенде оның не екенін білген жоқпын. Сондықтан маған алдымен бұл ұғыммен танысу керек болды. Негізінен бағдарламада ондай қатты қиын ештеңе жоқ. Тек қана қатысып, барлығын байқап, өзіңді жаңа қырыңнан сынап көруің керек, - деді ол.
Сонымен қатар стартапшы бағдарламаға қатысу үшін ағылшын тілін жетік меңгеру қажет екенін атап өтті.
Сіздер Кремний алқабына баратын болғандықтан, онда орыс тілінде сөйлесе алмайсыздар. Hero Training бағдарламасына қатысу үшін ағылшын тілін білу керек. Себебі шет тілі өзге де қатысушылармен ортақ тіл табысуға септігін тигізеді, - деді Сейілбек Мықтыбеков.
Басқосуда ұйымдастырушылар жақында бағдарламаның жаңа науқаны басталатынын жариялады. Қызығушылық танытқан адамдар 6 тамызға дейін өтініш бере алады.
Айта кетейік, Astana Hub және Draper University серіктестігі аясында стартаптар Кремний алқабында акселерация бағдарламасынан өтеді. Сонымен қатар олар өз жобасын әлемдік нарыққа, оның ішінде АҚШ нарығына масштабтауға мүмкіндік алады.
Кеше, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?