Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) «Хан-Тәңірі» клубының жас шабуылшысы Диас Төлеудің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты терең қайғырып, марқұмның отбасына және жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Федерацияның хабарламасында жас спортшының футболға деген ерекше ынтасы мен табиғи таланты атап өтілді.
Жастығына қарамастан, Диас өз ойынымен, еңбекқорлығымен және алаңдағы мінезімен көзге түсті. Оның өмірден ерте кетуі – қазақ футболы үшін орны толмас қаза. Бұл ауыр сәтте Диастың отбасының, жақындарының және командасының қайғысына ортақтасамыз, – делінген ҚФФ мәлімдемесінде.
ҚФФ ұжымы марқұмның ата-анасына, туыстарына және барша жақындарына шын жүректен қайғырып, сабыр тіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді