28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҰлттық банк қаржы секторын дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық банк Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ қатысуымен екінші деңгейлі банк басшыларымен кездесу өткізді. Жиында экономиканы кредиттеу, банктердің нақты секторға несие беруін кеңейту және шағын және орта бизнесті қолдау үшін арнайы кепілдік қорын құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, синдикатталған және ортақ қаржыландыру арқылы инвестициялық жобаларды іске асыру және Жобалық офис мәртебесін күшейту туралы шешім қабылданды.
Қатысушылар мерзімі өткен кредиттер бойынша халыққа көмек көрсету шараларын қарастырып, проблемалық қарыздарды азайту және борыштық жүктемені төмендету механизмдерін ұсынды.
Сонымен қатар, Цифрлық теңгені енгізу, Антифрод-орталық құру және ұлттық төлем жүйелерін дамыту бастамаларының қазіргі жағдайы туралы ақпарат берілді.
Қаржы нарығын реттеу аясында әзірленіп жатқан жаңа «Банктер туралы» заң жобасы шеңберінде ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымы заңнамалық тұрғыдан бекітіледі. Бұл инфрақұрылымның жұмыс қағидаттары, қатысушылардың жауапкершілігі және қаржы нарығы субъектілерінің оған қосылу міндеттілігі белгіленбек.
Кездесу қорытындысы бойынша экономиканы кредиттеу және қаржы нарығын дамыту бойынша бірлескен жұмысты жүйелеу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?