20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгінде халал өнімдерінің жаһандық нарығы тез өсіп жатыр. Қазір ол 3 триллион доллар деңгейінде бағалануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көрсеткіші 41 миллиард долларға жеткізілмек. Қазақстанда халал индустриясының дамуы осы көрсеткішке қол жеткізу үшін драйвер болып табылады.
2028 жылға қарай халал өнімдерінің көрсеткіші пессемисттік сценарийде 3,27 триллионнан оптимистік сценарийде 11 триллион долларға дейін жетеді деп күтілуде.
Қазіргі таңда мұсылман халқының саны 2 миллиардқа дейін өскен. Исламдық қаржыландыру деңгейі 4 триллион долларға жеткен. Сараптамалық бағалау бойынша 2026 жылы оның деңгейі 6 триллион долларға дейін артпақ, - деді Қуаныш Нұрланұлы.
Әлем бойынша тұтынушылардың халал азық-түлікке жұмсайтын қаржысы барлық тұтыну шығындарының 17 пайызын құрады. Алдағы болжам бойынша оның пайыздық үлесі 2025 жылы 20-ға, 2030 жылы 25-ке артуы мүмкін.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?