Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан, Қырғызстан және Ресей Ішкі істер министрліктерінің киберполициясы бірлесіп өткізген операция нәтижесінде ТМД елдерінің азаматтарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, 8 қыркүйекте күдікті Бішкек қаласында ұсталды. Ол жалға алған пәтерді тінту кезінде 32 слотты сим-бокс, үшінші тұлғаларға рәсімделген 70-тен астам SIM-карта, IP-ді алмастыруға арналған жабдықтар, компьютерлер мен телефондар тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті қылмыстық әрекеті үшін аптасына 500 АҚШ доллары көлемінде қаражат алып отырған.
Мұндай құрылғылар қылмыскерлерге банктер, мемлекеттік органдар және маркетплейстер атынан жаппай фрод-қоңыраулар мен хабарламалар жіберуге мүмкіндік береді. Олардың көздегені – азаматтардың ақшасын және жеке деректерін ұрлау. Жалпы жыл басынан бері Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті 77 сим-боксты және алаяқтар пайдаланған 90 мыңға жуық SIM-картаны тәркіледі, - делінген мәліметте.
Еске сала кетейік, 16 қыркүйектен бастап дроптардың іс-әрекеті үшін жауапкершілік, онлайн-несие беруді шектеу және SIM-карталардың айналымын реттеу сияқты жаңа заң нормалары күшіне енеді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер