29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыХалықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) атқару комитетінің мүшелері 22 маусымда Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) мәртебесін мойындауға қарсы дауыс берді.
Қауымдастық ресейліктер мен белорустарды жарыстарға шектеусіз қатыстырып жүрген санаулы ұйымдардың бірі еді.
ХОК бас директоры Кристоф де Кеппер IBA-ны 2024 жылы Париж Олимпиадасында бокстан турнир өткізу құқығынан айыруға шақырды.
Өткен жылдың көктемінде ХОК халықаралық спорт федерацияларына ресейліктерді жарыстардан шеттетуді ұсынды. IBA мұндай тыйымды қолдамай, Ресей мен Беларусь боксшыларына өз туының астында өнер көрсетуге рұқсат берді. Бұл 17 елдің, соның ішінде АҚШ-тың да Ташкенттегі әлем чемпионатына бойкот жариялауына әкелді. Нәтижесінде ХОК IBA-ға қарсы санкциялар қажет екенін мәлімдеді.
2020 жылдан бастап қауымдастықты ресейлік Умар Кремлев басқарады. ХОК бұған дейін IBA-де реформалардың қалай жүріп жатқанына көңілі толмайтынын жеткізген.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек