10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПремьер-министр Әлихан Смайылов су тапшылығы болып жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда 600 мыңға жуық қазақстандық сапалы ауыз суға жарымай отыр. Бұл мәселе Үкіметтің бүгінгі отырысында басты тақырыпқа айналды. Ал Үкімет басшысы бұған сумен жабдықтау жүйесіндегі техникалық ақаулардың уақытылы жөнделмеуі және халықтың ауыз суға деген немқұрайлы қарым-қатынасы себеп деп отыр.
Тіпті елорданың өзінде су тапшылығына қатысты мәселе бар. Бұл ретте суды үнемдеу өзекті болып отыр. Өкінішке қарай, өзіміздің көптеген азаматымыз суды үнемдегісі келмейді, - деді премьер-министр.
Ал мұны шешу үшін цифрландыру мен тиімді тариф енгізу көмек болуы мүмкін екенін айтады.
Смайылов Ұлттық экономика министрі мен индустрия және экология министрліктеріне бірлесіп суға жаңа тариф енгізу мәселесі бойынша ұсыныстар беруді тапсырды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді