19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?«Халық қатысатын бюджет» қызметі енді eGov Mobile қосымшасы арқылы қолжетімді болмақ. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұсынысты қалай беруге болады:
Алдыңызда сұраулар пайда болады, олардың кез келгенін басқан кезде қажетті ақпаратпен таныса аласыз;
Қалай дауыс беруге болады:
3. 1. Жобалар тізімінің бетінде Сізге ұнаған жобадағы «ұнату» белгішесін басыңыз;
3. 2. Жоба бетіне өтіп, «Дауыс беру» түймесін басыңыз.
Ары қарай, сіздің дауысыңыз таңдалған жобадағы қазіргі есептегішке қосылады.
Пайдаланушы ХҚБ жобаларының бүкіл тізімінен тек бір жобаға дауыс бере алатынын ескеріңіз, сондықтан таңдау кезінде мұқият болу керек. Берілген дауысты жою мүмкін емес. Белгілі бір жобаны іздеудің қарапайымдылығы үшін таңдалған критерийлер бойынша жобаларды көрсететін іріктеу бар.
Келесі кезеңде аудандық/қалалық әкімдік дауыс беру қорытындыларының хаттамасын қалыптастырады және порталға орналастырады. Осыдан кейін бюджеттік заңнамаға сәйкес жобалық ұсыныстарды іске асыру бойынша бюджеттік өтінімдер қалыптастырылады.
eGov Mobile қосымшасының өмірлік жағдайларында ХҚБ сервисімен толығырақ танысуға болады. Ол үшін сіз өмірлік жағдайларға өтіп, «Жылжымайтын мүлік» бөлімін таңдаңыз, содан кейін тізімнен «ХҚБ» – халық қатысатын бюджет туралы не білуіңіз керек?» таңдаңыз.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары