Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіХалықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Айгүл Құспан бастаған мәжілісмендер Ұлыбритания Парламенті Қауымдар палатасының депутаты Афзал Хан және Манчестер қалалық кеңесінің мүшесі Абид Чоханмен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айгүл Құспан Мәжілісте Қауымдар палатасының Сыртқы істер комитеті жариялаған Орталық Азия туралы баяндамамен мұқият танысқанын айтты. Депутаттар британдық әріптестерінің Орталық Азия өңірімен сауда, қоршаған орта, мәдениет, туризм және өзге де мәселелер бойынша өзара байланысты нығайтуға бағытталған бастамасын құптайды.
Өз кезегінде депутат Афзал Хан Британ-Қазақстан ынтымақтастығының қоршаған ортаны қорғау, жоғары білім, муниципалды даму салаларындағы перспективаларына тоқталды.
Оның әріптесі, Манчестер қалалық кеңесінің мүшесі Абид Чохан жергілікті өкілді органдардағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, қазақстандық билікті Манчестер қаласында Бас консулдық ашуға шақырды.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?