Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Amanat» фракциясының отырысында халықтың әл-ауқатының индикаторын дұрыс жасау керектігін ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Депутат Ерлан Саировтің сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,2 пайызға өсті деп айтылғанымен, Қазақстандағы инфляция 20 пайызға жетіп отыр. Көрші мемлекет Қырғызстанда – 14 пайыз, Өзбекстанда – 12 пайыз және Ресейде 11 пайыз инфляция. Сондықтан жалпы ішкі өнімнің өсімін инфляция жеп жатқанын айтты.
Мен өзім дүкенге және базарға барамын. Адамдар күнде тұтынатын нан, май, күріш, макарон бағасы 80 пайызға өсіп кетті. Осыны неге біз ашық айтпаймыз. Халық аптасына бір рет емес, екі аптада бір рет моншаға баратын болған. Неліктен? Өйткені халықтың табысы төмендеп кетті, - дейді депутат.
Сондықтан бүгінгі индикаторларды өзгерту керек. Жалпы ішкі өнім Қазақстан халқының әл-ауқатының индикаторы бола алмайды. Негізгі индикатор – ол үй шаруашылықтарының табысы, яғни азық-түлікті тұтынуы, адамдардың белсенді демалысы. Соның барлығын қосып, бір жылда адамдар азық-түлікке, демалуға және моншаға баруға қанша қаражат жұмсайтынын есептеп, жаңа индикатор жасау керектігін айтты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді