20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБокс әлемінде спорт жанкүйерлерімен шектелмей, әлдеқайда кең ауқымда талқыланатын жекпе-жектер сирек кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осындай жекпе – жектердің бірі - аты аңызға айналған Флойд Мейвезер мен Джон Готти III арасындағы кездесу.
Бұл жекпе-жек ертең, яғни 2024 жылғы 25 тамызда сағат 06:00-де "Хабар" телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.
"Money" ("Ақша") деген атпен танымал Флойд Мейвезер – кәсіпқой бокс тарихындағы ең үздік боксшылардың бірі. Ол спорт жанкүйерлері арасында өзінің қорғаныс стилімен, керемет жылдамдығымен және жекпе-жекті әрқашан бақылауында ұстай алатын қасиетімен кеңінен танымал. 50 жекпе-жегінің барлығында мерейі үстем болған ол Мэнни Пакьяо, Сауль "Канело" Альварес және Оскар Де Ла Хойя сияқты атақты қарсыластарын да жеңген.
Мейвезердің Готти III-пен жекпе-жегі ойын-сауық пен медиа әсері жағынан да, таза спорттық нәтиже жағынан да зор қызығушылық тудырып отыр.
Джон Готти III - спорт әлемінде ерекше орны бар әйгілі Джон Готтидің немересі, "Тефлон Дон" деген атпен танымал. Өзінің мансабын спорт саласында құруға шешім қабылдап, ММА-дан бастаған. Онда жүріп жақсы нәтиже көрсеткен соң боксқа ауысқан.
Ертеңгі спорт додасы Мексикадан өтеді.
"Хабар" агенттігі спорт әлеміндегі қызықты оқиғаларды әрдайым назарда ұстап, көрерменге ұсынып келеді. Ертеңгі жекпе-жек те биылғы жылдың спорт саласындағы маңызды оқиғаларының қатарына енері анық.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?