Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматы қаласында Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Руслан Желдібай ғылыми қоғамдастыққа ҚР Ұлттық ғылым академиясының жаңа басшысы Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаевты таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, академик Ақылбек Күрішбаев бұл лауазымға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 22 қаңтардағы өкімімен тағайындалды.
Руслан Желдібай Ұлттық ғылым академиясының бұрынғы президенті Күнсұлу Закарияға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Ғылым және инновациялар жөніндегі кеңесшісі лауазымындағы қызметіне табыс тіледі.
Іс-шараға ҚР Ұлттық Ғылым академиясының активі, ғылыми ұйымдардың басшылары мен академиктер қатысты.
Жиында Қазақстан ғылымының алдында тұрған міндеттер, ғылымның қолданбалы сипатын күшейту және ел экономикасына ғылыми әзірлемелерді енгізу мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар ғалымдар Ғылым академиясының негізін қалаушы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылатын іс-шараларға қатысты өз ұсыныстарын жеткізді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары