Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан астанасына келді. Әуежайда түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Гурбангулы Бердімұхамедов алғаш рет өткізіліп отырған «ШЫҰ плюс» форматындағы кездесуге қатысады, ол «Көпжақты диалогты нығайту – орнықты бейбітшілік пен дамуға ұмтылу» ұранымен өтеді. Отырысқа байқаушы мемлекеттердің басшылары, құрметті қонақтар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар достық пен стратегиялық әріптестік негізінде дамуда. Транзиттік-көлік саласында бірлескен өзара тиімді жобалар бар, газ саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша қадамдар белгіленген.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі $563 млн құрады, осылайша 2022 жылмен салыстырғанда 28%-ға ұлғайды. Биыл да оң үрдіс сақталды: 4 айда өзара сауда көлемі өсіп, $167,8 млн-ға жетті.
Бүгiн, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер