Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБиыл Қазақстан бес елге гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Соңғы рет жер сілкінісі болған Ауғанстанға гуманитарлық көмек жіберілді. Үйінді астынан адамдарды құтқаруға практикалық көмек көрсету үшін қазақстандық құтқарушылар да барды.
ranking.kz деректеріне сәйкес, 2023 жылы Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмектің барлық дерлік көлемі тек екі елге: Тәжікстанға (1,7 миллион доллар) және Ауғанстанға (1,6 миллион доллар) жіберілген.
Биыл ақпан айында күшті жер сілкінісі болған Түркия мен Сирияға 338 мың доллар және 11,5 мың долларлық гуманитарлық көмек барған. Ал соғыс осы күнге дейін жалғасып жатқан Украинаға 101 мың доллар жіберілген.
Қазақстан жіберген гуманитарлық көмектің ең көп көлемі азық-түлік тауарларына шамамен екі миллион доллар кеткен. Одан кейінгі орында киім-кешек пен аяқ киім (168,1 мың), сондай-ақ машиналар мен жабдықтарға (88 мың) доллар жұмсалған.
Және бұл қаражат өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда үш есеге аз.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?