10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПродюсер Гүлзира Айдарбекова өзін "Хюррем бола алмайсың" деп жазған оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Гүлзира Айдарбекова туған күніне киген қызыл көйлегімен түскен видеосына Хюррем Сұлтанның дауысын қойып, тик-ток желісіне жүктеген. Бірақ оқырмандары мұны әзіл ретінде қабылдай алмай, неше түрлі пікір қалдырған.
Туған күніме киген қызыл көйлегімді, көмекшім жай өзіне түсіріп тұрғандай болып еді, кейін Хюрремнің дауысын қойып 2 ші салған видеоны жіберіпті. Қызық көріп тик-токқа “Әр әйел өз үйінің ханшайымы” деген тақырыпта салғанмын. Оқырмандардың көбісі жақсы пікір қалдырыпты, кейбірі Хюррем болу саған қайда депті. Негізі сол Хюррем болғым келіп армандап жүргенім жоқ. соның өміріне өз өмірімді ауыстырмас та едім. Алла әр пендесіне жеке өмір, жеке тағдыр жазған, біреудің өмірін сүру мен үшін арман да емес. Қанша мықты болса да, ханның пәлен қатынының бірі болғанымша, өз жанұямның шамшырағы, Нұрекеңнің ханшайымы болып жүре берейiншi, - деп жазды пробюсер.
Айта кетейік, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әдемі көйлектерін киіп түскен видеоға өзін "Сұлтан Сүлейменнің сүйікті жары деп таныстырған Хюррем сұлтанның" дауысын қойған. Бұл видеосын әлеуметтік желіге жүктеген Гүлзира Айдарбекова жұртқа жақпай қалған.
“Хюррем болу саған қайда”, “Өзін өте жоғары бағалайды”, “Хюрреммен салыстыруға да келмейді”, “Армандама, саған жараспайды”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді