Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіСудья Гүлмира Сатыбалдының резонанстық ісі бойынша шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сот Сатыбалды Гүлмираны Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша "Заңсыз бас бостандығынан айыру" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. "Бопсалау" және ҚК 389-бабының 4-бөлігі "Өз бетінше билік ету" бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды қатаңырақ жазамен Сатыбалдыға түпкілікті 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды жартылай қосу арқылы түпкілікті 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді судья Мартпек Қакимжанов.
Айта кетейік, күні кеше өткен сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалды денсаулығының нашарлауына байланысты соңғы сөз айтудан бас тартты.
Бүгiн, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіБүгiн, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Бүгiн, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Бүгiн, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?