Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікРоза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Гүлдер» ансамблі Түркияның Амасия қаласында өткен Наурыз фестивалінде өнер көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фестиваль түркі елдерінің рухани мұрасын насихаттауға бағытталған. Жыл сайын өтетін фестиваль биыл 4 күнге созылды. Қазақстаннан келген қатысушылар «Наурыз» атты басты мерекелік іс-шарада өнер көрсетті.
«Гүлдер» ансамблінің үш солисі фестивальдың концерттік бағдарламасында бірнеше хореографиялық композиция ұсынды. Олардың арасында Анвара Садықова мен Алмат Шәмшиев көрерменнің көңілінен шыққан «Қара жорға», «Алтынай», «Көңіл толқыны», «Мен қазақтың қызымын», «Жетісуым», «Тоқымқағар», «Ермек» би композицияларын қойды. Ұжым мүшелері аталған композицияларды жеке, дуэт және триомен орындады.
Сондай-ақ фестиваль аясында «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова фестиваль қатысушылары мен жергілікті әртістер үшін қазақ биі бойынша шеберлік сабағын өткізді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер