Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыФутболдан Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалындағы Қазақстан және Грекия кездесуінде алғашқы таймында алаң иелері 4 гол соқты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойынның 9-минутында грек құрамасының ойыншылары пенальти есебімен алға шықты. Бұл жолы А.Бакасетас өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Ал 15 минутта Д.Пелкас тағы гол соғып, жеңісті нықтай түсті. Үшінші голды 37-минутта Ф.Ионнидис соқса, 40 минутта Д.Курбелис гол соғып, есепті 4:0-ге жеткізді.
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Қайыров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородовқа сенім артқан еді.
Ал Грекия құрамасы сапында Влаходимос, Болдок, Мавропанос, Цимикас, Бакасетас, Курбелис, Мадалос, Хацидиакос, Масурас, Яннидис, Пелкас ойнап жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді