29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰлттық тестілеу орталығы білім гранты конкурсында жеңілдетілген санаттарға бөлінген квотаның үлесін жариялады, деп хабарлайды El.kz.
2022 жылғы квота мөлшері:
- жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1%;
- I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1%;
- жеңілдігі мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%;
- ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ талапкерлерге (қандастар) – 4%;
- кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасы балалары үшін – 5%;
- кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1%;
- бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардың балалары үшін – 1%.
Жеңілдігі бар оқуға түсушілер керек анықтаманы құзыретті органдардан алады.
- Ауыл квотасы – 35%.
– Айта кетейік, ауыл квотасы үшін анықтама алудың қажеті жоқ. Егер Сіз ауылдық жерде орналасқан мектепті бітірсеңіз, ақпарат базада болады. Қосымша мәселелерді ЖОО-лардың қабылдау комиссиясынан сұрап білуге болады, – дейді орталықтан.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек