Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіШымкент қаласының ағымдағы жылғы мектеп түлегі Аяжан Әбдібай Алматы қаласындағы Алматы Технологиялық университетіне көп балалы отбасы ретінде квотамен грантқа түскенімен кейін оған білім гранты қателесіп берілгені мәлім болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда, университетке құжаттарын өткізуге барған кезінде, отбасында 18-ге толып қойған бауырлары болғандықтан квотаға жатпайтынын, грант қате берілгенін естіген түлекке министр көмек көрсетті. Ғылым және жоғары білім министрінің Алматы шаһары жұртымен кездесетінін ести сала қаршадай қыз көмек сұраған.
Білім алуға құштар Аяжанды, Саясат Нұрбек мұқият тыңдап, жеке қабылдауында университет басшылығына берілген грантты сақтап, Аяжанға сапалы білім беруді тапсырып отыр.
Осылайша екінші рет білім грантына ие болған түлек министрлікке алғысын жаудырып, кәсіби маман болатынына уәдесін берді.
Осы мәселені бүгін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырзаға айтқанымда, ол кісі бұл мәселені университет басшылығымен ақылдасып, бірден шешіп берді. Осылайша мен АТУ-да қайтадан грантта оқитын болдым. Сол үшін қатты қуанып тұрмын, ол кісіге алғысым шексіз. Грантқа түсіріп бір қуантсаңыз, грантта қалдырып бір қуанттыңыз, сабағымды жақсы оқуға уәдемді беремін, - деді Айжан Әбдібай.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?