10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБүгін еліміз бойынша білім беру гранттары тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда 15 мыңға жуық талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді. Әр салаға 3 мың өтініштен келген.
Естеріңізге сала кетсек, биыл құжаттарды қабылдау еGov арқылы онлайн форматта немесе жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы офлайн форматта жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖОО-да виртуалды қабылдау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Құжаттарды кез келген жоо (орналасқан жері бойынша) арқылы тапсыруға болады.
Дегенмен бүгін кейбір азаматтар еGov порталы арқылы қызмет алу барысында ҰБДҚ ақпараттық жүйесінде орын алған ақауларға байланысты техникалық мәселелерге тап болған. Қазіргі таңда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен ҰБДҚ ақпараттық жүйесіндегі ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізуде.
Атап өтсек, отандық жоо-ларға оқуға түсу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) ұйымдарының түлектері үшін диплом), сондай-ақ, жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар ұсынады.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді