Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАбу-Дабиде (БАӘ) өтетін дзюдодан Grand Slam жарысына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының нақты құрамы анықталды. Үш күнге созылатын бәсеке 28-30 қараша аралығында өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұлттық олимпиада комитетінің дерегінше, айтулы турнирге елімізден барлығы 14 спортшы қатысады. Олардың қатарында 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев та бар.
Ерлер құрамасы:
60 кг дейін: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан
66 кг дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев
73 кг дейін: Есет Қуанов
81 кг дейін: Абылайхан Жұбаназар, Азат Күмісбай
90 кг дейін: Ермахан Әнуарбеков
100 кг дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров
100 кг жоғары: Еламан Ерғалиев
Әйелдер құрамасы:
48 кг дейін: Әбиба Әбужақынова
57 кг дейін: Бақыт Құсақбаева
63 кг дейін: Эсмигүл Куюлова
Құрама жаттықтырушылары мен балуандар бұл турнирде рейтингтік ұпай жинауға және маусымды жоғары деңгейде аяқтауға күш салатынын айтады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді