Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық Гөзал Айнитдинова жекелей сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 60 Women's» турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 254-ракеткасы, ресейлік Мария Тимофеевамен өткізді.
Бірінші партияда ресейлік спортшы 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Гөзал тізгінді қолға алды - 6:1.
Үшінші, шешуші сетте Гөзал тай-брейкте жеңісті жұлып алды - 7:6 (7:3).
Г.Айнитдинова ширек финалға шығу үшін әлемнің 136-ыншы, жарыстың 1-ракеткасы, жапониялық Моюка Учижима немесе рейтингте 225-орында тұрған сербиялық Наталия Стевановичтің біреуімен таласады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді