Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҰлттық олимпиада комитеті басшысы болып сайланған боксшы Геннадий Головкин құттықтаған жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қадірлі достар, бүгін құттықтауын жолдаған барша спортсүйер қауымға алғысым шексіз!
Халықаралық олимпиадалық қоғамдастықта еліміздің атынан қызмет ету мен үшін үлкен абырой әрі жауапкершілік.
Алдымызда үлкен міндеттер тұрғанына қарамастан, ел спортына пайдам тиеріне шын сенемін!Ең бастысы – біздің жұмыс істеуге деген үлкен ниетіміз бен сіздердің шексіз қолдауларыңыз бар! Рахмет! – деп жазды боксшы.
Айта кетейік, 26 ақпанда ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысы өтіп, ҰОК басшысы болып Геннадий Головкин таңдалды. Ол бұл қызметте Тимур Құлыбаевтың орнын басты.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді