Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болған Ұлттық олимпиада комитетінің жаңа президенті Геннадий Головкин мемлекет басшысына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Боксшы Instagram-дағы парақшасында жазба жариялады.
Ең алдымен маған сенім артып, қолдау көрсеткен мемлекет басшысына алғыс айтамын. Бүгінгі кездесу барысында ҰОК қызметіндегі маңызды сәттерді, атап айтар болсақ, жаңа олимпиадалық циклге қатысты мәселелерді талқыладық. Ұлттық олимпиадалық комитет алдында тұрған барлық міндетті жақсы түсінеміз, өзіндік көзқарасымыз, жүзеге асыратын жоспарларымыз бар. Өзімнің және командамның атынан еліміздің әлемдік аренадағы беделін нығайтып, халықаралық спорттық ұйымдармен ара-қатынасты жақсартып, президент сенімін ақтау үшін бар күшімізді салатынымызды айтқым келеді, - деді Геннадий Головкин.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді