Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында World Boxing Халықаралық бокс федерациясының қолдауымен бокстан Әлем кубогының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ашылу рәсіміне Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин қатысты.
ҰОК мәліметінше, іс-шараға Бразилия бокс федерациясының төрағасы Маркос Кандидо де Брито, панамерикалық бокс конфедерациясының президенті Элиз Сеньол және WB Бас хатшысының міндетін атқарушы Майк Макатти сөз сөйледі.
Геннадий Головкин боксты Лос-Анджелес-2028 Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалудың маңыздылығын және бұл спорт түрін әрі қарай дамыту қажеттілігін айтты.
Сонымен қатар Геннадий Головкин өтіп жатқан Әлем кубогының Оңтүстік Америкада бокс спортының танымалдылығын арттырудағы маңыздылығын атап өтті. Олимпиадалық комиссияның төрағасы бұл сайыстардың спортшыларды алдағы Олимпиада ойындарына дайындықтың маңызды кезеңі болатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, Бразилиядағы Әлем кубогының бірінші кезеңіне 18 елден 130 боксшы қатысуда. Турнирдің келесі кезеңі Қазақстанда 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді. Ал 21 мен 27 шілде аралығында тағы бір кезеңі күнтізбеде бар. Жарыстың өтетін орны кейінірек хабарланады. Әлем кубогының финалдық кезеңі 15–22 қарашада Үндістанда жоспарланған.
Сондай-ақ, 2025 жылы World Boxing әлем чемпионатын ұйымдастырады. Бұл беделді турнир 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?