22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыБітімгерлік миссияның қолбасшысы Гана Республикасы армиясының генерал-майоры Анита Асма Қазақстанның әскери қызметшілеріне Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатысқаны үшін медальдар табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның дербес бітімгерлік контингенті Сирия Араб Республикасындағы Голан жоталарындағы атысты тоқтату режимін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындай отырып, Фауар базасында қызмет атқаруда. Барлық 139 әскери қызметші мен төрт штаб офицері БҰҰ-ның марапатын алды.
Қазақстандық әскери қызметшілер ұйымның базаларындағы қорғанысты күзетуді және нығайтуды қамтамасыз етіп, жергілікті тұрғындармен өзара қарым-қатынас жасайды. 11 айдың ішінде бітімгерлер 200-ге жуық жарылмаған снарядты залалсыздандырды және медициналық көмекке мұқтаж БҰҰ-ның қызметкерін эвакуациялады. Өткен жылдың желтоқсан айында өміріне және денсаулығына қауіпті аймақтан БҰҰ персоналын эвакуациялау кезінде контингенттің жеке құрамы кәсіби даярлық, келісім және жедел іс-қимыл жасап, жоғары деңгейін көрсетті.
БҰҰ Бас хатшысының бітімгерлік операциялар жөніндегі орынбасары Жан-Пьер Лакруа және БҰҰ-ның бөлінген аймақты бақылау миссиясының (UNDOF) қолбасшысы Гана Республикасы армиясының генерал-майоры Анита Асма әскери қызметшілеріміздің жауынгерлік дағдысы, тәртібі және моральдық-ерік күші жоғары екенін атап өтті. Бұл біздің бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті сақтауға қосқан үлесіміз, – деді бітімгерлік ротасының командирі подполковник Жігер Аипов.
Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Голан жоталарында тұңғыш дербес бітімгерлік контингентін ашып, тарихи қадам жасады. Қазақстан әскери қызметшілерінің бітімгерлік миссияларға қатысу географиясының кеңеюі еліміздің әскери және гуманитарлық дағдарыстардан зардап шегетін адамдарға қолдау көрсетуге деген ниетін айғақтайды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев