13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызGlobe Soccer Awards ұйымы 2025 жылдың үздік футболшысы атағына үміткер финалистердің есімдерін жариялады. Бұл туралы сыйлықтың ресми парақшасы X әлеуметтік желісінде хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Жылдың үздік ойыншысы атағына ұсынылған футболшылар:
Усман Дембеле («Пари Сен-Жермен»),
Килиан Мбаппе («Реал» Мадрид),
Рафинья («Барселона»),
Витинья («Пари Сен-Жермен»),
Ламин Ямаль («Барселона»).
Үздік бапкерге үміткерлер
Сонымен қатар 2025 жылдың үздік жаттықтырушысы атағына таласатын финалистер де анықталды.
Бұл номинация бойынша үміткерлер қатарында:
Хаби Алонсо («Реал» Мадрид),
Микель Артета («Арсенал»),
Луис Энрике (ПСЖ),
Ханс-Дитер Флик («Барселона»),
Энцо Мареска («Челси») бар.
Марапаттау рәсімі қашан өтеді?
Globe Soccer Awards – футбол саласындағы жыл бойғы ең үздік жетістіктерді анықтайтын халықаралық беделді марапат. Жеңімпаздар әртүрлі номинациялар бойынша дауыс беру нәтижесінде анықталады.
Салтанатты марапаттау рәсімі 28 желтоқсанда Дубай қаласында (БАӘ) өтеді.
Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің үздік жаттықтырушысы атағын мадридтік «Реалдың» бас бапкері Карло Анчелотти жеңіп алған еді. Қазіргі таңда италиялық маман Бразилия ұлттық құрамасын жаттықтырып жүр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды