20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандағы Америка Құрама Штаттарының Елшілігі 2023-2024 жылға арналған Global UGRAD бағдарламасына құжаттарды қабылдау кезеңі ашылатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz.
Global UGRAD — АҚШ колледжінде немесе университетінде академиялық дәрежесіз бір семестр ішінде оқу үшін көшбасшылық қабілеттері бар студенттерге арналған стипендиялық бағдарлама. Global UGRAD – Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет істері бюросының бағдарламасы және Америка Құрама Штаттарында оқуға басқа мүмкіндіктері болмаған қатысушыларды қолдауға бағытталған. Жеңімпаздар АҚШ қоғамымен, мәдениетімен және академиялық институттарымен терең танысып, кәсіби дағдыларын арттыру мүмкіндіктеріне ие болады.
Талаптар:
2023-2024 бағдарламаға құжаттар онлайн түрде 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін қабылданады.
Жеңімпаздар 2023 жылдың күзгі семестрі (2023 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін) немесе 2024 жылдың көктемгі семестрі (2024 жылдың қаңтар мамырына дейін) АҚШ университеттеріне оқуға барады.
Құжаттарды онлайн түрде тапсырудың соңғы мерзімі: 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?