Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыӨзара ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Германияның табиғатты қорғау одағы» (NABU) жабайы жануарлардың қауіп төнген мекендеу ортасын қорғау, сондай-ақ табиғи ресурстарды орнықты пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан тарапынан құжатқа министр Ерлан Нысанбаев, ал Германия тарапынан Томас Тенхардт мырза қол қойды.
«Бірінші кезекте қалыптасқан ынтымақтастықты оңынан атап өткім келеді. Қазақстан Республикасы биологиялық әртүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруіне, шөлейттенуге және жердің тозуына қарсы күрес бойынша өзіне алған халықаралық міндеттемелерді орындауға міндеттенеді. Еліміздің флорасы мен фаунасын сақтауға қызығушылық танытқаныңыз және ынтымақтасуға ниет білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті министр.
Осы Меморандумға қол қою біздің елімізге табиғатты, климатты және онымен байланысты іс-шараларды қорғау жөніндегі жобаларды жоғары деңгейде қолдауға, ақпарат алмасуға, осы саладағы әлемге әйгілі халықаралық ұйымдар деңгейінде ғылыми тәжірибені пайдалануға, сондай-ақ табиғат қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілік деңгейін жүйелі негізде арттыруға және т.б. мүмкіндік береді.
Айта кетейік, «Naturschutzbund Deutschland e.V» компаниясы (NABU) 1899 жылы құрылған, штаб-пәтері Берлин қаласында орналасқан.
Германияның табиғаты мен қоршаған ортасын қорғау жөніндегі ең көне және ең ірі үкіметтік емес ұйым (900 мыңнан астам мүшесі бар). Өзендерді, теңіздерді, ормандарды және басқа да экожүйелерді сақтауды, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктердің жекелеген топтары мен түрлерін қорғауды қоса алғанда, елде және шетелде түрлі табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асырады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді