Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекГерманияда өткен ірі халықаралық туристік көрмеде қазақтың киіз үйі туристердің қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Киіз үй қолөнер шеберлері мен суретшілердің табиғи материалдардан жасалған әшекейлерімен безендірілген. Сонымен қатар келушілерге ұлттық тағамдар ұсынылды.
Берлиндегі көрмеге қазақстандық туристік компаниялар мен қонақүйлердің 30 өкілі қатысты.
"Бұл көрмеде біздің турбизнес өкілдері болашақ серіктестермен іскерлік байланыс орнатады. Біздің стенд келушілер тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық тудырды. Сонымен қатар, Kazakh Tourism елімізге неміс туристерін тарту бағытында ең ірі халықаралық туристік бірлестіктердің бірі - PATA өңірлік өкілдігімен тығыз жұмыс істеуді жоспарлап отыр", - деді "Kazakh Tourism ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Аманбаев.
Айта кетейік, ITB Berlin - туризм саласындағы ұйымдар үшін әлемдегі ең ірі B2B көрме саналады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?