29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыГерманияның Дортмунд қаласында ер адамды өрмекші шағып өлтірген, кейін оның денесін үйінде бағып жүрген жәндіктері мен кесірткелері жеп қойған. Mirror басылымының хабарлауынша, 30 жастағы Марк Фегельдің үйінде екі жүзге жуық экзотикалық жәндік пен бауырымен жорғалаушылар болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көршілері оның кенеттен жоғалып кеткеніне алаңдап, полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары есікті бұзып кіргенде ер адамның мәйітін тапқан. БАҚ мәліметінше, үйде жүрген жәндіктер мен кесірткелер оның денесін кеміре бастаған.
Полицейлердің бірі көргенін нағыз қорқынышты фильмнің кадрына теңеген: бүкіл бөлме өрмекші торымен қапталған, ал өліктің мұрны мен аузынан өрмекшілер шығып жатқан.
Көршілер Марк Фегельдің пәтерін бір мезетте ботаникалық баққа да, жәндіктерге арналған қорқынышты инкубаторға да ұқсатқан.
Ресми дерек бойынша, оның өліміне қарақұрттың (қара жесір – black widow) уы себеп болған.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек