22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыГерманияда жаппай жұмыстан босату толқыны күшейіп келеді. Елдегі 88 кәсіпорында жалпы саны 147 522 жұмыс орнын қысқарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Initiative Neue Soziale Marktwirtschaft (INSM) ұйымының зерттеуінде көрсетілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Зерттеу 2024 жылдың 1 шілдесінен бері қысқарту жоспары туралы жариялаған компанияларды қамтыған. Тізімде экономиканың барлық дерлік саласы: ірі автокомплект шығарушылар, логистика және ІТ-компаниялар, әуе тасымалдаушылары, сондай-ақ шағын машина жасау фирмалары бар.
Deutsche Bahn теміржол концерні ғана 30 мың қызметкерді қысқартпақ, ал автокомпоненттер өндірушісі ZF компаниясы 14 мың жұмыс орнын жабуды жоспарлап отыр.
INSM басшысы Торстен Альслебен бұрынғы және қазіргі үкіметтің экономикалық саясатын қатаң сынға алды.
Германия өнеркәсібінде жүз мыңдаған жұмыс орны жойылды. Бұл экономикалық стратегиядағы сәтсіздіктердің айқын дәлелі, – деді ол.
Альслебеннің айтуынша, егер канцлер Фридрих Мерц батыл шаралар қабылдамаса, «Германия деп аталатын экономиканы ұмытуға тура келеді». Ол басты проблемалар ретінде артық бюрократияны, жоғары салықтарды және білікті кадрлардың тапшылығын атады.
Еркін демократиялық партия төрағасының орынбасары Вольфганг Кубикки де Мерц кабинетінің жұмысына көңілі толмайтынын айтты.
Қазіргі үкімет тұсында өсіп жатқан жалғыз нәрсе – мемлекеттік қарыз бен жұмыссыздық, – деді ол.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев