2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліГерманияның сыртқы істер министрі Йоханн Вадефуль Ресей президенті Владимир Путинді «бейбітшілікке дайын екенін көрсетуге» үндеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы ол Хорватия СІМ басшысы Гордан Грлич Радманмен Загребте өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Вадефульдің айтуынша, Украина қазір «бетбұрыс кезеңінде» тұр және өзін қорғау үшін Еуропаның қолдауына мұқтаж.
Бейбіт келіссөздерге ұмтылу – жақсы қадам. Алайда Путин уақытты созуға емес, әділ бейбітшілікке дайын екенін дәлелдеуі тиіс. Әйтпесе ол қателеседі, себебі біздің Украинаға қолдауымыз азаймайды, – деді ол.
Министр үшжақты кездесу – АҚШ президенті Дональд Трамп, Ресей президенті Владимир Путин және Украина президенті Владимир Зеленский арасында – өту ықтималдығы төмен екенін де атап өтті.
Сондай-ақ ол Еуропаның Киевті қолдауды жалғастыратынын және Ресейге қысымды күшейту қажет екенін жеткізді.
Өз кезегінде Хорватия сыртқы істер министрі Гордан Грлич Радман Германия әріптесімен келіссөздер барысында Украинадағы қақтығыс пен Газадағы бейбіт тұрғындардың қайғы-қасіреті талқыланғанын айтты. Ол Еуропаның Украинаға қолдау көрсету мәселесінде бірлігін атап өтті.
Сонымен қатар Радман Германияға Еуроодақты кеңейту процесіндегі үлесі үшін алғыс білдіріп, Босния және Герцеговинаның ЕО-ға қосылуының маңыздылығын ерекше атап өтті.
Загребке сапары аясында Вадефуль Хорватия премьер-министрі Андрей Пленковичпен де кездесті.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс