Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыБокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы әрі Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев дүниеден өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин марқұмның отбасына көңіл айтты.
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпидалық комитеті ұжымының атынан және жеке өз атымнан орны толмас ауыр қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – бүкіл спорт қауымдастығы үшін ғана емес, оның шәкірті ретінде мен үшін де ауыр қаза. Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы ғана емес, нағыз тәлімгер, ұстаз, үлгі болатын жан еді. Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі және әрбір спортшыға ерекше көзқараспен қарай білуі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол Қазақстандағы бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұтас бір дарынды спортшылар буынын тәрбиелеп шығарды. Орын толмас ауыр қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады",-делінген көңіл айту хатында.
Айта кетейік, еліміздің еңбек сіңірген бапкері Виктор Дмитриев 71 жасында өмірден озды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді