12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан ҰОК басшысы Геннадий Головкин қазақстандық шорт-трекші Денис Никишаны Роттердамда (Нидерланд) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы тарихи жетістігімен құттықтады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шорт-тректен әлем чемпионатында еліміз үшін тарихи медаль жеңіп алғаныңызбен сізді және бапкерлеріңізді шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жеңіс көк мұздағы ұзақ жылдар бойғы еңбектің, төзім мен тәртіптің жемісі.
Болашақта бұдан да биік нәтиже көрсетіп, қазақстандық жанкүйерлерді одан әрі қуанта беруіңізге тілектеспін! - деді ҰОК президенті.
Айта кетелік, шорт-тректен Қазақстан құрамасының үздігі Денис Никиша әлемдік сында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, ол аталған спорт түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тіркелді.
2023 жылы Денис 500 метрлік қашықтықта ISU әлемдік рейтингінің көшін бастап, жалпы есепте топ жарған болатын.
Сондай-ақ, Денис Никиша - жасөспірім ұлдар арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған жалғыз қазақстандық спортшы. Ол 2014 және 2015 жылдары үшінші орыннан көрінді. 2014 жылғы әлемдік сында 500 метрге жүгіруден жасөспірімдер арасындағы әлем рекордын орнатқанын да айта кету керек.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер