Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыhe Ring журналы әлемдегі ең үздік 10 боксшының рейтингін әзірледі. Бұған дейін аталған тізімнен түспей келген Геннадий Головкин бұл жолы мықтылардың қатарында жоқ, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жолы жаңарған тізімде көштің басын америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 32 KO) бастап тұр. Ол жартылай орта салмақта және бірінші жартылай орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болған. Яғни, екі түрлі салмақта да негізгі төрт чемпиондық белбеуді жеңіп алған жалғыз боксшы.
Екінші орында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін жапон боксшысы Наоя Иноуэ (25-0, 22 KO) тұр. Ол 2022-2023 жылдары осы салмақта абсолютті әлем чемпионы болған. Қазір WBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.
Үздік үштікті украиналық боксшы Александр Усик (21-0, 14 KO) қорытындылады. Ол ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі.
Ондыққа кірген боксшылардың қатарында Сауль Альварес, Дмитрий Бивол, Дэвин Хейни, Эррол Спенс, Джервонта Дэвис, Теофимо Лопес және Джесси Родригес бар.
41 жастағы Геннадий Головкин бұған дейін әлемнің үздік он боксшысы арасында бесінші орынға тұрақтаған еді. Отандасымыз соңғы рет 2022 жылдың қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен айқасқа шыққан болатын. Алдын ала болжам бойынша GGG енді бір ғана жекпе-жек өткізіп, кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтауы мүмкін. Сондай-ақ, ол бұл жекпе-жегін Қазақстанда өткізуге мүдделі көрінеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары