20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКонцерт барысында қазақстандық музыканттар Ғазиза Жұбанова, Нұрғиса Тілендиев, Морис Равель және Дэвид Брейдтің шығармаларын орындады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанның Франциядағы Елшілігінде Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартет қазақстандық композиторлар мен әлемдік классикалық музыканың шығармаларын ұсынды. Іс-шараға мәдениет қайраткерлері, қоғамдық және іскер топтардың, Францияда аккредиттелген дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ қазақстандық азаматтар қатысты.
Концерт барысында қазақстандық музыканттар Ғазиза Жұбанова, Нұрғиса Тілендиев, Морис Равель және Дэвид Брейдтің шығармаларын орындады. Сонымен қатар бағдарлама аясында квартет әйгілі француз пианисті Людмила Берлинскаямен бірге өнер көрсетті.
Қазақстанның музыкалық өнерінің жоғары деңгейі, атап айтқанда отандық әртістердің шеберлігі қонақтарды таң қалдырды. Бұған қоса, мемлекеттік квартет Тальсидегі «La Clé des portes» классикалық музыка фестивалінде де сәтті өнер көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, ішекті квартеттің алғашқы құрамы 1988 жылы Ахмет Жұбанов атындағы республикалық музыка мектебінде құрылды. Шығармашылық ұжымның негізін қалаушы оның көркемдік жетекшісі, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты, виолончелист Ернар Мыңтаев, сондай-ақ құрамына танымал музыканттар, халықаралық конкурстардың лауреаттары Айдар Тоқталиев (1-ші скрипка), Алексей Лебедев (2-ші скрипка) және Бекзат Сайлаубайұлы (альт) кіреді.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?