Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыГаз өңдеу зауытында болған өрттен тағы бір жұмысшы көз жұмды, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір басшысы Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ газ өңдеу зауытындағы өрттен зардап шеккен 3 жұмысшы 2 мамырда санавиация арқылы Астана қаласындағы медициналық мекеме ауруханасына шұғыл түрде жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгенмен, екеуі жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, бүйрек жеткіліксіздігінен дүниеден озды. Қазіргі таңда бір науқас Астанадағы, тағы бірі Ақтөбедегі ауруханада ем қабылдауда. Жағдайы тұрақты.
Болған жағдайға байланысты комиссия құрылды. Комиссия компаниялардың басшыларын, орындаушыларды жауапкершілікке тарта отырып, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан өңірдің барлық мұнай өндіруші кәсіпорындарын тексереді. Сондай-ақ өңірде мұндай жағдайларға жол бермеу туралы жол картасы әзірленеді.
Бұған қоса, ҚР ҚК-нің 292-бабы («Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Зардап шеккендердің отбасыларына қажетті көмек көрсетіледі.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді