29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин Қуандық Бишімбаевпен қандай байланысы болғанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Естеріңізде болса, бір жыл бұрын экс-министр Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы «Гастроцентрде» өлтірген болатын. Ал Төлеушин осы орталықтың тең төрағасы болған. Бүгін тілшілер вице-министрден осы мәселенің мән-жайын сұрады.
Вице-министр мемлекеттік қызметке бизнестен келгенін атап өтті. Ол өз сөзінде бұған дейін де осыған ұқсас жобалары болғанын және «Гастроцентрде» де үлесі болғанын жеткізді.
Бұл жобада қазір құрылтайшылар қатарында жоқпын. Мемлекеттік қызметке ауысуды жоспарлағанда-ақ құрылтайшылар бойынша жұмысты бастап кеттік. Сондықтан шығу туралы мәселе қайғылы оқиғаға дейін көтерілген, - деді вице-министр.
Төлеушин бұрынғы министрдің отбасымен қарым-қатынасы қандай екенін де айтып өтті.
Ешқандай байланысымыз жоқ. Біз «Болашақ» түлектері ретінде түрлі жобалармен бөлісіп, өзара кездесулер ұйымдастырып тұрамыз. Тиісінше түлектер ретінде ғана араласамыз. Бізді байланыстыратын дүние осы ғана, - деді Қаныш Төлеушин.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек