22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЦифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Тоқтар Әубәкіровті ғарышқа алғашқы ұшқан күнімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Цифрлық даму министрлігінің басшысы бірінші ғарышкерге ғарыш саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтып, бақытты ұзақ өмір тіледі.
Бүкіл ведомство атынан сізді еліміз үшін тарихи маңызды күнмен құттықтаймын. Сіз аңыз адамсыз. Сіз біздің басқа ғарышкерлерге де үлгі болдыңыз. Сіздің зерттеулеріңіз бен сынақтарыңыз оқу орындарында зерттеуде ғылыми мұраға айналды. Сізге және отбасыңызға мықты денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, сәттілік пен табыс, береке мен бірлік тілеймін! Әрқашан халқымыздың ыстық ықыласы мен ерекше құрметіне бөленіп, жастарға үлгі болып жүре беріңіз! Осындай тарихи күн үшін рақмет! - деді Жаслан Мәдиев.
Сондай-ақ министр құрметті ғарышкермен кездесулерінің жеке тәжірибесін бөлісіп, өзі туралы қызықты фактіні айтып берді:
Бала кезімізде Тоқтар Әубәкіров екеуміз бір аулада тұрдық. Достарымызбен футбол ойнап жатқанда, оны алыстан көріп, ұлттық қаһарманмен сәлемдесуге жүгіретін едік. Ата-анамның үйіне келіп, мен әрқашан Тоқтар Әубәкіров сияқты ғарышкер болғым келетінін айтатынмын. Министрлікке келгеннен кейін мен ғарыш саласына аттандым және сол арманым орындалды деп айтуға болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев