10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отставкаға кетуін талап еткен ұстаздарға пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда министр журналистердің «Мұғалімдер сіздің отставкаға кетуіңіз талап етіп хат жазуда. Бұл жағдайды қалай қабылдадыңыз?» деген сұрағына жауап берді.
Жалпы кез келген министрді тағайындау немесе оны отставкаға жіберу мемлекет басшысының қолында. Бұл менің құзыретімдегі нәрсе емес, - деді министр.
Осыған дейін ұстаздар қауымы министрдің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялаған еді. Себебі, олардың сөзінше аттестация тапсырудың қиындау мәселесі шешілмей отыр.
Ғани Бейсембаев сарапшылар аттестация ережесі мен жобасы ұстаздар мен педагогтердің талабына сай келетінін айтқан.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді