23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіГандбол спортынан Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына аттанады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дүние жүзілік дода 29 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Дания, Норвегия, Швеция елдерінің бірігіп ұйымдастыруымен өтеді. Отандық гандболшылар G тобында Бразилия, Испания мен Украина құрамаларымен өзара кездеседі. Біздің гандболшберлері алғашқы ойынын 29 қарашада Испанияға қарсы өткізетін болды.
Сондай-ақ, 1 желтоқсанда Бразилиямен, ал 3 желтоқсанда Украинамен ойнайды.
Ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Қазақстандық гандболшылар әлем чемпионатына жетінші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2007 жылғы 18 орын болған көрінеді.
Әлем чемпионатына қатысатын 32 құрама төрт-төрттен сегіз топқа бөлінген.
Құрамалардың топтарға бөлінуі төмендегідей:
A тобы: Швеция, Хорватия, Қытай, Сенегал
В тобы: Черногория, Венгрия, Камерун, Парагвай
С тобы: Норвегия, Оңтүстік Корея, Гренландия, Австрия.
D тобы: Франция, Словения, Ангола, Исландия.
Е тобы: Дания, Румыния, Сербия, Чили.
F тобы: Германия, Польша, Жапония, Иран.
G тобы: Бразилия, Испания, Украина, Қазақстан.
H тобы: Нидерланд, Чехия, Аргентина, Конго.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады