Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекХалықаралық ғалымдар тобы жұмыс орнындағы шаршауды азайтудың екі негізгі әдісін анықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жүйелі түрде үзіліс жасау және басшылық тарапынан қолдау көрсету. Міне, бұл тәсілдер қызметкерлердің шаршау деңгейін төмендетіп қана қоймай, ұйқы сапасын жақсартып, келесі күнге энергия қорын арттыруға көмектеседі.
Зерттеу нәтижелері Contemporary Accounting Research (CAR) ғылыми журналында жарияланған.
Ғалымдар 44 бухгалтердің жұмыс дағдыларын талдап, 179 қатысушы арасында эксперимент жүргізген. Нәтижесінде жұмыс барысындағы қысқа микроүзілістер мен басшылықтың қолдауы жоғары жұмыс жүктемесі жағдайында ең тиімді тәсілдер екені анықталды.
Микроүзілістерге қысқа созылу жаттығулары, шағын серуен, шағын ас ішу немесе кофе ішу сияқты қарапайым әрекеттер жатады. Ал басшылықтың қолдауына қызметкерлердің жағдайын үнемі бақылау, тапсырмаларды орындауда көмек көрсету және олардың еңбегіне ризашылық білдіру секілді қадамдар кіреді.
Зерттеу нәтижесінде күніне бірнеше рет бар болғаны бір минуттық үзіліс жасау да шаршау деңгейін айтарлықтай азайтатыны дәлелденді. Әсіресе, мұндай қысқа демалыстар дедлайн сияқты жоғары жүктемелі кезеңдерде ерекше пайдалы. Басшылықтың қолдауы болса, қызметкерлердің күйзелісін төмендетіп, тапсырмаларды дәлірек орындауға және жұмыс ортасын жақсартуға ықпал етеді.
Микроүзілістер мен басшылық қолдауы тек шаршауды азайтып қана қоймай, жалпы жұмыс сапасын да арттырады. Мысалы, зерттеуге қатысқан бухгалтерлер аудит жүргізу кезінде аз қателескен - бұл әсіресе жоғары стресс жағдайында аса маңызды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?