Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекХалықаралық ғалымдар тобы, Испаниядағы Бельвитше биомедициналық зерттеу институтының (Idibell) мамандарының жетекшілігімен, ген мутациясынан туындайтын жаңа әрі өте сирек кездесетін неврологиялық ауруды анықтады. Бұл туралы EFE басылымына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Бүгінге дейін бұл аурудың әлем бойынша бар-жоғы 13 жағдайы ғана тіркелген.
Аурудың анықталуы геномды секвенирлеу, сондай-ақ Idibell мамандары әзірлеген клиникалық геномика мен есептеу алгоритмдерінің жаңа құралдарын қолдану арқылы мүмкін болды. Институттың нейрометаболизм бөлімінің басшысы Аурора Пужольдің айтуынша, «бұл дерт адамның миындағы ақ затқа әсер ететін ауру түрі». Науқастарда жүру қиындауы, танымдық қабілеттердің бұзылуы және даму баяулығы сияқты белгілер байқалған.
Зерттеу нәтижесінде ғалымдар RPS6KC1 геніндегі мутацияның жүйке жүйесінің жаңа генетикалық ауруына себеп болатынын анықтады. Бұл мутация әлемнің сегіз еліндегі 13 адамнан табылған. Солардың бірі – Барселона провинциясындағы университет ауруханасында ем қабылдаған науқас.
Аурора Пужольдің айтуынша, әзірге бұл аурудың емі табылмағанымен, оны анықтау сирек кездесетін ауруларды диагностикалауда маңызды қадам болып саналады. Сондай-ақ бір отбасының өзінде әртүрлі симптомдар байқалуы мүмкін екенін атап өтті.
Ғалымдар науқастардың көпшілігінде Коффин-Лоури синдромына ұқсас клиникалық белгілер бар екенін айтты. Бұл синдром да сол гендер отбасына жататын басқа геннің мутациясымен байланысты сирек генетикалық ауру.
Зерттеуге Испаниядан бөлек, Ұлыбритания, Германия, Иран, Италия, Пәкістан, АҚШ, Түркия, Финляндия және Эстонияның ғылыми орталықтары мен клиникалары қатысты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?