Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыГарвард университетінің ғалымдары темекі шегу мен адамның табысы арасындағы байланыс бар екенін анықтады. Зерттеу нәтижелері еңбек нарығындағы табыс деңгейіне темекінің айтарлықтай әсер ететінін көрсетті деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Темекі шегудің денсаулыққа зияны бұрыннан белгілі. Ол қатерлі ісік, тыныс алу және жүрек-қан тамыр ауруларының қаупін арттырады. Алайда, фин ғалымдарының пайымынша, шылым шегу тек денсаулыққа ғана емес, адамның еңбек өнімділігі мен жалақысына да кері әсерін тигізеді.
Зерттеу барысында елдің бес өңірінен 24 пен 39 жас аралығындағы 3 596 қатысушының деректері талданған. Ғалымдар темекі шегудің жиілігін «пачко-жыл» (pakkavuosi) көрсеткіші арқылы бағалады - яғни, адамның күніне шегетін орташа темекі саны оның темекі шегуді бастаған жасына байланысты есептеледі.
Нәтижесінде, темекі тұтынудың бір «пачко-жылға» артуы табыстың 1,8 пайызға төмендеуімен байланысты екені анықталды. Демек, темекіні бес «пачко-жылға» азайту табыстың шамамен 9 пайызға артуына ықпал етуі мүмкін.
Зерттеу көрсеткендей, табыс айырмашылығы әсіресе жас және төмен білімді қызметкерлер арасында айқын байқалады. Ал егде жастағы жұмысшыларда мұндай айырмашылық дерлік тіркелмеген.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді