Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайлық ғалымдар сүйектерге арналған бірегей «супержелім» ойлап тапқанын хабарлады. Оның көмегімен сынған сүйекті бірнеше ай бойы дәстүрлі емдеудің орнына, бар болғаны бірнеше минут ішінде «жабыстыруға» болады. Бұл туралы Oddity Central-ға сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Жаңа өнім Bone-02 деп аталады. Ол Ханчжоудағы Чжэцзян университетінің мамандары тарапынан жасалған. Sir Run Run Shaw ауруханасының ортопед-хирургі Линь Сяньфэннің айтуынша, препарат инъекция түрінде енгізіледі және «үш минут ішінде сүйек фрагменттерін біріктіреді».
Ғалымдарға бұл идея устрицалардың су астындағы бетке жабысып қалу қасиетін зерттегеннен кейін келген. Табиғи биожелімнің осы механизмі медициналық мақсатта қайта жасалды.
Bone-02 қазірдің өзінде 150-ден астам клиникалық жағдайда қолданылды. Соның бірі – білегі сынған науқас: әдеттегі темір пластина орнатудың орнына үш минуттық процедура жасалып, үш айлық бақылаудан кейін сүйек асқынусыз толық бітіп кеткен.
Жаңалықтың басты артықшылығы – желім ағзада табиғи түрде еріп кетеді. Бұл қайталама операцияға қажеттілікті жояды және инфекция қаупін азайтады. Bone-02 Қытайда және шетелде патенттелгенімен, оны жаппай қолдану үшін әлі де қосымша клиникалық сынақтар қажет.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?