10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҒалымдар шайдың зияны жетерлік екенін дәлелдеді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Британдық отоларинголог, әрі пластикалық хирург Генри Шарп ыстық шайді ішу жұтқыншаққа кері әсерін тигізетінін айтады. Ал кеседен шыққан ыстық бу мұрыннан қан кетуге себепкер болуы әбден мүмкін.
The New England Journal of Medicine журналы жасаған зерттеуде қою шай тіс пен сүйекке зиян екені анықталған. Канадалық Journal of Toxicology журналы мынандай қызықты зерттеуді көпшіліктің назарына ұсынды. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен шай қалташаларын жинап, зерттеген. Белгілі болғандай шайдың құрамында қорғасын, алюминий, мырыш, кадмийдің аз мөлшері кездескен. Бұл металдар шайдың құрамына топырақ арқылы түскен болуы мүмкін.
Шөптік шай кей гүлді өсімдіктер бөлетін алкалоид – токсиндерді бойына жинайды. Бұл токсиндердердің жалпы организмге, оның ішінде бауырға аса зиянды. Калифорния университетінің жүргізген зерттеуі тамақтың артынан ішкен шай темірдің организмге сіңуіне кері әсер ететіндігін дәлелдеді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді